АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы құпиялардың шетін шығарды. Бұл туралы «The New York Times» басылымы хабарлады.
Ол әлеуметтік желі парақшасында: «АҚШ бұрыннан бері Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізіп келеді. Шамадан тыс төлем де төледі. 25 жыл болды. Келіссөз Солтүстік Корея мәселесін шешетін бірден бір әдіс емес екені дәлелденді», – деді. Сонымен бірге АҚШ Гавай жағалауынан зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сәтті сынағанын айтқан.
Ал Ұлыритания премьер-министрі Тереза Мэй Қытай үкіметіне хат жолдап, Солтүстік Кореяға бағытталған қысымды нығайтуға шақырды. Тереза Мэй қазіргі уақытта Жапониядағы сапарын бастап кетті. Ол бұл елге Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шыққаннан кейін Жапониямен болатын сауда-саттық істері қалай болатынын кеңесу үшін келіп отыр. Сапарының тағы бір бағыты Солтүстік Кореяға қатысты жаңа санкциялар тақырыбын талқылайды. Сондай-ақ Тереза Мэй британдық әскерлердің әскери операцияларға қатысуынан бас тартты.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер