АҚШ Венесуэлаға қарсы жаңа қаржы санкциясын енгізді. Ел Президенті Дональд Трамп аталған жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ Президентінің баспасөз хатшысы Сара Сандереске сілтеме жасап. 

Жарлыққа сәйкес, Венесуэла үкіметі мен PDVSA мемлекеттік мұнай компаниясының борыштық міндеттемелеріне қатысты болатын мәмілелерге тыйым салынды.

"Президентің бұл әрекеті Венесуела үкіметі мен елдің мұнай компаниясы шығарған бағалы қағаздар мен борыштық міндеттемелерге байланысты. Сондай-ақ Венесуэланың мемлекетік секторы иелік ететін борыштық міндеттерге қатысты келісім жасауға тыйым салынады", - деп мәлімдеді Президент хатшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамп Венесуэлаға әскери интервенция жасайтынын мәлімдеген. Ол сөзінде: "Венесуэлада бейбіт тұрғындар жазықсыз көз жұмып, дағдарыстың ащы дәмін татып жатыр. АҚШ осы әділетсіздікті тоқтату үшін Венесуэлаға қарсы бірқатар шаралар қарастырды. Оның ішінде әскери интервенция да бар", - деген еді ол.

“The Qazaq Times”