Трамп үкіметі Ресей мен Қытайға жаңа санкция енгізді. Бұны Ақ үй тарабы Солтүстік Кореяның ядролық қаруды және зымырандарды зерттеу-дамыту бағдарламасын тоқтатудың бір тармағы деп түсіндірді. Бұл туралы «The New York Times» басылымы таңғы жаңалықтарында хабарлады.
Қатысты мәліметтерге сүйенсек, жаңа санкция Пиоңяң (Пхеньян/Pyongyang) зымыран және ядролық бағдарламасымен экономикалық байланысқа ие деп табылған 6 жеке тұлға мен 10 ұйымға қаратылды.
Осыдан бұрын, АҚШ-тың Ресейге бағыталған санкциялары Қытай мен Түркияға да салқынын тигізетні туралы айтылған еді. Ал, АҚШ-тың Қаржы департаменті Солтүстік Кореяның заңсыз қаржы жылыстату ісіне және зымыран бағдарламаларына қатысты тасымалдау жұмыстарына қатысы бар деген қытайлық тұлғаларға шектеу шараларын жария еткен болатын.
Бұл жолы Ресей мен Қытай жеке және ұжымдық тұлғаларына салған санкция, үш ел арасында жаңа саяси ойынды қалыптастырғалы тұр. Бұл тағы АҚШ-тың халықаралық саясатына қарсы Қытай, Солтүстік Корея, Ресей, Түркиялардың одақтасуын жеделдетуі де мүмкін.