Францияның Париж қаласына және қаланың шеткі өңірлеріне келген туристердің саны соңғы он жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 16,4 млн адамды құраған. Бұл туралы Иль-де-Франс туризм комитеті хабарлады, деп жазды RNS.
2016 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда келген туристердің саны 10 пайызға көбейген. Ал сырттан келгендердің көрсеткіші 14,9 пайызға, ішкі туристердікі 6,4 пайызға көбейген. Парижге баруға қызығушылық танытатындардың көпшілігі америкалықтар (1,14 млн адам) мен британдықтар (908 мың адам).
Париж қонақүйлеріндегі тұрудың орташа бағасы экономкласс бойынша 87 еуроны және премиум бойынша 228 еуроны құраған. Ал қала шетіндегі бағалар 64 және 168 еуро шамасында.
Сондай-ақ, Парижден тыс аймақта ең көрнекті туристік орын Версаль болған.
Айта кетейік, Парижге келген туристердің саны Қазақстан халқының санына тең деуге болады. Ал Қазақстанның мұндай көрсеткішке жетіп, туризмнің экономика көрсеткіші болуы үшін ширек ғасыр керек шығар.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр