Таяу Шығыста өздерін «Ислам мемлекеті» деп аталатын террорлық ұйым артқа шегінді. Таяу Шығыс елдеріндегі арт-артынан ұшыраған сәтсіздіктер «Ислам мемлекеті» ұйымының табан тірер тиянағын азайтты. Алайда, бұған қарамастан аталған террорлық топ өзінің ең жас жауынгерлерін күшті жаттығулармен әзірлеп жатыр. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты хабарлады.
Қатысты мәліметтерге сүйенсек «Ислам мемлекеті» террорлық тобы өзінің 2 мыңнан аса жасөспірім соғыс жасақтарын күшті дайындықтан өткізуде. Оларды алдағы уақытта түрлі террорлық шабуылдар мен соғыстарға пайдаланбақ екен. Тіпті әлемнің жер-жеріне жекелеген міндеттермен таратып жіберуі де мүмкін», - дейді Би-Би-Си хабарында.
Аталған арнаның журналистері кезінде террорлық ұйымға алданып солардың қатарында соғысқан, кейін Еуропаға қашып кеткен бірнеше жаспен арнаулы сұқпат өткізген. Жоғарыда аталған мәліметтерді олар осы сұқбат барысында айтып берген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі