Ресейдің атышулы оппозициялық саясаткері Алексей Навальный Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың ұлы жайында бейнеролик жариялады.
Алексей Навальныйдың сөзінше, Песковтың осы уақытқа дейін Ұлыбританияда тұрып келген Николай Чоулз есімді ұлы Ресейге қайтып оралған. Бірақ ол ресми түрде ешқандай жерде жұмыс істемесе де құны 10 миллион рубль тұратын Tesla автокөлігін мініп, Мәскеудің қақ ортасында 110 шаршы метрлік пәтерде тұрып жатыр.
Навальныйдың Жемқорлыққа қарсы қорының зерттеулері бойынша, Песковтың ұлы Николай Чоулз Ресейде 116 рет жол ережесін бұзған және ешқандай жазаға тартылмаған. Ал Ұлыбританияда жүрген кезінде бір жылға түрмеге қамалған. Қазіргі уақытта Николай Чоуздың иелігінде Tesla автокөлігінен басқа Мәскеудің Рублевка ауданында пәтері мен соңғы үлгідегі Рейндж ровер, Феррари көліктері бар.
Естеріңізге салайық, Алексей Навальныйдың Жемқорлыққа қарсы қоры бұған дейін Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтың меншігіндегі дүние-мүлік жайында «Он вам не Димон» фильмін жариялаған болатын.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы