2017 жылдың 16 тамызынан бастап тозығы жеткен көлік құралдарын тапсырғандарға берілетін ақшалай өтемақы уақытша тоқтатылды. «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы» ЖШС хабарлады.
"Бұған, ҚР энергетика Министрлігінің 2017 жылға бөлген квота саны мерзімінен бұрын игеріліп отырғаны себеп болып отыр. Қазіргі уақытта «ӨКМ Операторы» ЖШС ҚР энергетика Министрлігіне ескі көліктердің құнын өтеу бағдарламасы бойынша қосымша квота бөлу жөнінде сұрау-хат жолдады. Көлік тапсырушылар үшін қажетті ақпараттар «ӨКМ Операторының» ресми сайтында және әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланатын болады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Оператор жаңа көлікті сатып алуға жеңілдік беретін сертификат бағдарламасы Қазақстанда белсенді жұмыс істеп тұр. Бағдарлама аясында жеңіл, жолаушылар және жүк көлігін өткізіп, 315 мың теңгеден 650 мың теңгеге дейінгі жеңілдік сертификатын алуға болады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы