АҚШ Оңтүстік Америка елдерінен Солтүстік Кореямен болған қарым-қатынастарын үзуін өтінді. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Майк Пенс айтты. Ол Солтүстік Корея мәселесі тек үстел үстінде шешім табуы тиіс дегенді алға тартты. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты арнасы хабарлайды.
Майк Пенс Чили сапарында осы тақрыпты көтере келіп, бұл талаптарына Бразилия, Перу мен Мексика да қосылады деп үміттенетінін де жеткізді. АҚШ вице-президенті өз ойын, халықаралық қауымдастықтың дүние бейбітшілігін қорғаудағы күш-жігерін әйгілеу деген ұран астында көтеріп отыр. Бұл Латын-Америка елдерін де Корей түбегіне алып кіріп, Солтүстік Кореяға жан-жақты қысымды арттыру үшін жасалып отырған қадам екенін аңғаруға болады.
Майк Пенс Чили президентімен кездесуі кезінде, АҚШ билігі ешқашан Ким Жоң Ун (Kim Jong Un) режимінің ядролық қаруға ие болуына жол бермейтіндігін ашық айтты. Әрі, Пиоңяң (Pyongyang/Пхеньян) тарабының барлық шешімнің келіссөз үстінде жасалатынын анық аңғаруы керек екенін де айтып өтті.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді