Корей түбегі мәселесінің шиеленісуіне байланысты Ресейдің әуе қорғаныс күштері және зымыранға қарсы жүйелері дайындық күйге келтірілді. Бұл туралы Ресей Думасының өкілі Виктор Озеров мәлімдеді деп хабарлайды «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты.
Мемлекеттік Думаның Қауіпсіздік және қорғаныс комитеті жағынан шешім қабылданып, Қиыр Шығыстағы әуе күштері мен зымыранға қарсы жүйелерді толықтай дайындық күйіне ауыстырды. Бұның себебі Солтүстік Кореяның Қиыр-Шығысқа зымыран шабуыл жасауынан сақтану үшін деп көрсетті.
Ресей Думасының өкілі Виктор Озеров: «Корей түбегіндегі дағдарыс Ресей аумағын қорғау үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге себеп болып отыр», – деді. Ресей Қиыр-Шығыстағы зымыран қорғаныс жүйелері, Аляска, Қытай, Солтүстік Корея зымырандарынан стратегиялық қорғануға бағытталған, біршама кемелді болған зымыран қорғаныс жүйесі саналады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау