АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама жақын уақытта үлкен саясатқа қайтып оралады – деп жазады Washington Examiner басылымы.
Басылымның мәліметінше, АҚШ Демократтары президент сайлауында республикашылдардан жеңілгеннен кейін, Барак Обаманы өз қатарларына қайта шақырған. Өйткені Хиллари Клинтонның Демократтар үмітін ақтай алмауынан партияның елдегі саяси беделі түсіп кеткен. Бірақ Барак Обама үлкен саясатқа қайтып оралып, Демократтар қатарына қосылғанымен ол партия көш басшысы бола алмайды. Себебі ол заң бойынша, 2020 және 2024 жылдары өтетін президент сайлауына қатыса алмайды. Осыған байланысты Демократтар алдығы 8 жылға өздерінің жаңа көш басшысын тағайындауы тиіс.
Осы тұста Барак Обаманың саясаттағы тәжірибесі мен қырағылығы Демократтарға ауадай қажет болып отырғаны айтпасада түсінікті. Оның үстіне партияның қаржылай әл-ауқатын арттыру үшін де Обаманың берері мол. АҚШ сарапшыларының пікірінше, 2016 жылы өткен президент сайлауында Демократтардың республикашылдардан жеңіліп қалуының басты себебі осы қаржы мәселесі. 2016 жылы Трамп пен Клинтон текетіресінде Республикашылдар сайлаудағы үгіт-насихат жұмыстарына 13,5 миллион доллар қаржы жұмсаған. Ал Демократтар болса, бұл қаржының жартысынада жете алмаған. Олар үгіт-насихат жұмыстарына не бәрі 5,5 миллион доллар қаржы салған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді