«Америкалық компания Arconic өздігінен тазартатын материалы бар «көк тіреуші» жобасын ұсынды. Ол темекі түтінін сіңіріп алатын ерекшелікке ие»,– деп хабарлайды Business Insider.
Аталмыш жобаның биіктігі: шамамен 4,8 мың метр. Ғимараттың сырты 2004 жылы жасалған EcoClean деп аталатын материалмен қапталады. Панельдерінің эмалі химиялық заттардан құралған нано ұяшықтардан тұрады. Аталмыш ұяшықтар токсиндерді жойып, еркін радикалдарды бөліп шығарады.

Модульдердің визуализациялануы. / © Arconic
Ғимараттың архитектурасы модулді: оның терезелері моторлы механизмнің көмегімен самалдыққа (балкон) айналады. Барлық процесс бір минут уақыт ішінде орындалады. Ал, сол кезде құрылым элементтері 3D-принтерде басып шығарылатын болады. Осылайша компания қозғалмалы ғимарат жасауды және кемерлер құрылысында қаражат үнемдеуді көздеп отыр.
Жоба 2062 жылғы іс-шаралар туралы сөз ететін Америкалық ғылыми-фантастикалқ мультсериалдары ұсынылатын «Jetson» атты шараға байланысты орайластырылып отыр. Осындай футуристік ғимараттармен қатар Arconic өзге де концепцияларды ұсынған. Мәселен ұшатын автокөліктер жобасы мен аэродинамикасы жақсартылған ұшақтардың жобасы осы компанияға тиесілі.
Гүлім Рысқұл
"The Qazaq Times"















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес