Ғаламторда беттерін бүркеген, қолдарына қаруларын ұстаған ДАИШ содырлары, алдағы уақытта Иранды террорлық шабуылдың нысанасы етеміз деп мәлімдеген видеосы тарқалды. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметі хабарлады.

Олар видео материалдарында Иранның орталық қаласы Теһранды (Тегеран) шабуыл нысанасы ететіндерін айтқан. Бұл сөздерді айтып тұрған террористің парсы тіліндегі акценті жұрт назарын аударып отыр. Олар және маусым айындағы 18 адам қаза тапқан екі реткі шабуылды өз мойындарына алатынын да мәлім еткен.

ДАИШ ұйымы шиит мұсылмандардан тұратын Иранды, сол аймақтағы басты жауы ретінде санап отыр. Алайда, адамды таңқалдыратыны АҚШ-тың өңірдегі басты қарсыластарының бәрі де ДАИШ қарауылына іліне беретіні.

“The Qazaq Times”