Ирактың Орталық қылмыстық істер соты кеше «Ислам мемлекеті» ұйымының 27 мүшесін өлім жазасына кесті. Оларға тағылған айыпта "1700 үкімет жауынгерін өлтіруге қатысқан" делінген. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты жазды.
8 тамыздағы сот шешімімен «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының 27 мүшесіне өлім жазасы берілді, ал 25 адамды нақты дәлел табылмағандықтан босатып жіберген.
Иран жоғары соты бұл үкімнің алғашқы үкім екенін, үкімге риза болмағандардың қайта арыздануына болатынын ескертті.
Бұл 27 қылмыскер 2014 жылы маусым айында «Ислам мемлекеті» ұйымы Салах-Ад-Дин аймағын басып алған кезде, Тикрит қаласының солтүстігіндегі әскери базадағы 1700 жауынгерді тұтқындап, түгелдей қырып тастау ісіне қатысқан деп айыпталған. Қолға түскен өзге 25 күдіктіге қатысты нақты дерек табылмағандықтан босатып жіберген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы