Америкалықтардың 3/4 бөлігі Ақ үйден естіген мәлімдемелеріне сенбейді. Бұл  туралы CNN ақпараттық агенттігі жүргізген сауалнама кезінде белгілі болды. АҚШ Президенті Дональд Трамптың билікке келгеніне 6 ай өткен уақытта ол Америка тарихындағы 1993 жылы небәрі 44 пайыз жинаған Билл Клинтоннан кейінгі 38 пайыз халықтың қолдауына ие болған екінші басшы болып отыр. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым бөлігі оның қызметін қолдамайтынын білдірген. 

Дональд Трамптың АҚШ Президенті есебіндегі қызметін қолдайтындар осы жылдың ақпан-тамыз айларының аралығында 44 %-38% дейін төмендеп, оның жұмысын құп көрмейтіндердің үлесі 53%-дан 56%-ға дейін артқан.

Дональд Трамп президенттікке сайланардан бұрын жүргізілген сауалнама кезінде халықтың басым көпшілігі оны білікті менеджер деп танып, елге үлкен өзгерістер әкелетініне сенім білдірген. Ал қазір оның бұл қасиетін бағалайтындардың саны күрт төмендеп отыр.

Конгресс мүшелерінің арасында болған сұраулар нәтижесінде, респбликандықтардың 83%, демократтардың 7%, тәуелсіз сарапшылардың 37% жаңа Президентті қолдайды.

Сонымен қатар, Президенттің твиттердегі белсенділігін айыптайтындар мен оның жұмысын нәтижесіз деп табатындардың санының артуы Дональд Трамптың рейтингін төмендетіп отыр.

“The Qazaq Times”