Еурокеңес басшысын Польша бас прокуратурасы 8 сағат бойы тергеуге алды, деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
Варшава қаласында Польша бас прокуратурасы 2010 жылғы ел президенті Лех Качиньский қайтыс болған Смоленск апатын тексеру барсында жіберген қателіктері үшін, Еурокеңес басшысы Дональд Тускті 8 сағат бойы тергеген. Oxu.az мәліметінше,Туск Бас прокуратура ғимаратына таңғы сағат 10:00-де кіріп, кешкі сағат 18:00-де бірақ шыққан.
Дональд Туск тергеу алдында сөйлеген сөзінде: «Менің берген жауаптарымнан апатты тексеру жұмыстары өзгеріп кетпейді» - деген. Ал Польша прокуратурасының ресми өкілі Аркадиуш Ярашек: «Тусктың апатты зерттеуде жіберген басты қателігі, оның апаттан көз жұмған адамдардың денелерін сот-медициналық сараптамасынан өткізбегендігі және Ресей аумағында жүргізілген зерттеу жұымыстарына Польша тарапынан ешкімді қатыстырмауы» - деп мәлімдеген.
Бұдан бөлек прокуратура өкілі Смоленск апатына кінәлі адамдар әлі жазасын алмағандығын және алдағы уақытта тергеу жұмыстарына байланысты толыққанды ақпарат беретіндіктерін айтқан.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Польша прокуратурасы Еурокеңес басшысын сәуірдің 19-ы күні тергеген болатын. Ол кезде де тергеу жұмыстары 8 сағатқа созылған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы