Шілденің 31-і күні Қырғызстанда қазан айының 15-іне белгіленген президент сайлауына қатысушылардың құжаттарын қабылау мерзімі аяқталды. Бішкек қаласында орналасқан Орталық сайлау және референдум комиссиясы осы уақытқа дейін 59 адамның құжаттарын қабылдаған.  

Сайлауға қатысуға үміт білдірген 59 адамның тек 10 ғана партия атынан қатысушылар. Қалған 49 адам президенттікке өзін өзі ұсынушылар. Олардың ішінде ақпан айынан бері «қаржы жымқырды» деген күдікпен қамауда отырған «Республика» партиясының көшбасшысы Өмірбек Бабанов пен «Ата Мекен» фракциясының басшысы Өмірбек Текебаев бар. Бұл екі үміткер аталмыш партияларды өздері құрған. Олар биылғы сайлауға өз өздерін ұсынуларының басты себебін жақтастарының құқығын шектегілері келмейтіндіктерімен түсіндірген. Қалған 47 өзін өзі ұсынушы үміткерлер жайында Қырғызстан хылқы ешнәрсе білмейді. Өйткені олардың басым көпшілігі өздері құрған партиялардың атынан сайлауға қатысушылар. Қазіргі таңда Қырғызстанда 100-ге жуық партия бар екенін ескерсек, қырғыз халқының оларды танымауы заңдылық екенін түсінуге болады.

Ал елге танымал партиялардан «Ата Жұрт» партиясы биылғы сайлауға бірден екі кандидатын ұсынған. Олар Қамшыбек Ташиев пен Ахматбек Келдібеков. Партиялар атынан сайлауға қатысушылардың ішінде сайлауда жеңіске жетуге мүмкіндігі басым «Қырғызстан демократиялық партиясының» мүшесі Сооронбай Жеенбеков, «Ақ-Шумкар» партиясынан Темір Сариев және «Онугуу-Прогресс» партиясының мүшесі Бақыт Торобаевтар бар.

Жалпы алғанда сайлауға қатысушылар арасында Өмірбек Текебаев пен Садыр Жаппаров қазіргі уақытта «жемқорлық» бабы бойынша түрмеде отыр. Тағы бір үміткер экс-спикер Ахматбек Келдібеков бұрын сотталған. Ал «Қырғызстан» парламенті фракциясының атынан сайлауға түскен Қанатбек Исаев үстінен жақында қылмыстық іс қозғалған.

Президенттікке үміткерлердің ең үлкені экс-депутат Мұқар Чолпонбаев 67 жаста. Ең кішісі Роман Ремнев 35 жаста. Сайлауға қатысушы 59 кандидаттың ішінде 6 зейнеткер мен 6 жұмыссыз адам бар.

Естеріңізге салайық, Қырғызстанда бұған дейінгі президент сайлауы 2011 жылы өткізілген. Ол кезде Орталық сайлау және референдум комиссиясына 83 адам құжаттарын тапсырып, олардың 16-сы ғана комиссия іріктеуінен өткен болатын. 2011 жылғы сайлауда Алмазбек Атамбаев 62 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен еді.

“The Qazaq Times”