Лаңкестер Сиднейден Абу-Дабиге ұшатын ұшаққа террорлық шабуыл жасамақ болған, деп жазды Daily Telegraph басылымы.
ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше, шілденің 29-ы күні Аустралияда ұсталған лаңкестер Сидней-Абу-Даби бағытында ұшатын Біріккен Араб Әмірліктерінің «Etihad Airways» компаниясына тиесілі ұшақтардың біріне террорлық шабуыл жасамақ болған.
Естеріңізге салайық, шілденің 29 күні Сидней полициясы Халед Мерхи, Абдул Мерхи, Халед Хайат және Махмуд Хайат есімді төрт азаматты Автралия аумағында ұшақтарға лаңкестік шабуыл жасамақшы болды деген күдікпен қамауға алған болатын.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Австралия құқық қорғау органдары террорлық шабуыл жайынағы ақпаратты АҚШ және Ұлыбритания арнайы қызметтерінен алған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы