Катар мен Парсы шығанағындағы оған қарсы блокада құрған "төрттік" арасындағы дау толастар емес. Катарға тағылған сан түрлі айыптардың қатары Сауд Арабиясының Сыртқы Істер министрінің "Әл-Арабия" телеарнасына берген сұхбатынан кейін тағы да толықты. Бұл жолы Араб мемлекеті Катар басшылығына мұсылмандардың қасиетті қажылығын өзге мәдениеттер мен дін өкілдеріне арнап бейімдеу керек (интернационалау) деген мәлімдеме жасады деген кінә артып отыр.
Катар әмірі: "Сауд Арабиясының жалған айыптарын жоққа шығарудан әбден шаршадық. Катар ешқашан қажылық мәселесін саяси ойынға айналдырған емес. Сауд Арабиясы Парсы шығанағындағы дағдарыс кезінде мұсылмандардың Меккеге сапарын саяси мақсаттарына пайдаланып отыр", -деді.
Сондай-ақ Катар билігі қажылыққа баратын өз азаматтарының Сауд Арабиясында бірқатар қиындықтарға кездесіп отырғанын жеткізді.
Өз кезегінде Сауд Арабиясының өкілдері Катардың Ислам дінінің қасиетті орындарына қатысты жасаған мәлімдемесі мемлекетке қарсы соғыс ашумен бірдей екендігін айтқан болатын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел