АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға жауап жетінде бірлесіп баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізді.

Ресми Уашингтон мен Сеул шілденің 29 күні таңертең бірлесіп Оңтүстік Корея арсеналындағы Хенму-2 зымыраны мен АҚШ-тың 8 ATACMS әскеріне тиесілі «жер-жер» санатына жататын баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізді.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, АҚШ пен Оңтүстік Корея әсерилері зымыран сынағын Жапон теңізі жағалауында жергілікті уақыт бойынша сағат 5:45 өткізген.

Естеріңізге салайық, Солтүстік Корея шілденің 28-29 қараған түні Хвосон-14 құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген болатын.

“The Qazaq Times”