Солтүстік Корея тағы бір құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізді деп хабарлайды КХДР Орталық телегарф агенттігі.
Орталық телеграф агенттігінің мәліметінше, Хвосон-14 баллистикалық зымыраны 3724,9 шақырым биіктікке көтеріліп, 998 шақырым ұзақтыққа 47 минут 12 секунт ұшқан.
Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, КХДР-ның Хвосон-14 зымыраны 681 шақырым биіктікке көтеріліп, 732 шақырым ұзақтыққа ұшып Жапон теңізіне барып түскен.
Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Хвосон-14 зымыранын сынақтан сәтті өткізгеннен кейін: «Хвосон-14 құрлықаралық баллистикалық зымыранының сынақтан сәтті өтуі АҚШ тарапына жасалған ескерту. Бұл сынақ, біздің кез келген жерден, кез келген уақытта зымарын ұшыра алатынымызды дәлелдеді. Егерде АҚШ біздің елімізге қарсы қандайда бір қадамдарға баратын болса, онда оларда қауіпсіз жерде отыра алмайды» - деген.
Естеріңізге салайық, Солтүстік Корея 28-29 қараған түні Жапон теңізіндегі Хоккайдо аралына қарата Хвосон-14 құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырған болатын. Бұл КХДР-ның зымыран сынағын түнгі уақытта алғаш рет өткізуі.
Осыдан бір апта бұрын CNN телеарнасы жақын аралықта Солтүстік Корея тағы бір баллистикалық зымыранын сынақтан өткізеді деген ақпарат таратқан болатын. Солтүстік Корея соң рет баллистикалық зымыран сынағын шілденің 4 күні өткізген.