Ресей мен Қытай бірлескен әскер оқу-жаттығу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды The NewYork Times басылымы.
Шілденің 25-сі күні Мәскеу мен Бейжің әскери оқу-жаттығу жұмыстарын соңғы уақытта Ресей мен НАТО арасындағы шиеленістің эпицентріне айналған Балтық теңізінде бастады.
Осы уақытқа дейін Ресей Балтық теңізінде әскери оқу-жаттығуларын ескертусіз жасайды деп келген НАТО, бұл жолы Қытай мен Ресейдің бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізетінін екі апта бұрын алдын-ала білгендіктерін хабарлады.
Ресей мен Қытай бұл бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстарын "АҚШ-тың екі ел арасын алшақтатуға жасаған қадамдарына қарсы жасалып отырған шешімдердің бірі" деп мәлімдеді.
Осыдан бір жыл бұрын Ресей мен Қытай бірлесіп әскери теңіз күштерінің оқу-жаттығу жұмыстарын Оңтүстік-Қытай теңізінде өткізген болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы