Құрамына Google компаниясы кіретін Alphabet холдингі осы жылдың екінші тоқсанында табысы 3,5 млрд доллар болғанын жариялады. Ал бір жыл бұрынғы көрсеткіш 4,9 млрд доллар болған, деп хабарлайды CNews.ru. Яғни Google компаниясының да табысы азайды деген сөз.
Financial Times басылымының мәліметінше, мұндай төменгі тоқсандық көрсеткіш Google компаниясында соңғы рет 2008 жылы тіркелген.
Есептік кезеңде Alphabet түсімі 21 пайызға өсіп, 26 млрд долларды құраған. Ал сарапшылар болса түсім 25,6 млрд доллар көлемінде болады деп болжаған. Алайда түсімнің жақсы болуына қарамастан компанияның акциялары 3 пайызға төмендеп кеткен. Macquarie инвестициялық компаниясының сарапшысы Бен Шактердің сөзінше, нарық ойыншылары компанияның табысы әлдеқайда жақсы болады деп күткен.
Негізі Alphabet табысының азаюы Еуропалық комииссияның 2,7 млрд доллар көлемінде айыппұл салуымен байланысты. Себебі компания Google Shopping сервисін алға жылжыту үшін өзінің басымдығын асыра пайдаланған.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?