Тәжікстанның Ұлттық банкі 1,3 және 5 сомониін монетаға ауыстырады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің төрағасының орынбасары Джамолиддин Нуралиев мәлімдеген.
Оның сөзінше, 1,3 және 5 сомонидің қағаз купюралары айналымда көп жүргендіктен кейде жарамсыз болып қалады.
Тіпті осы жылдың басынан бері Тәжікстанда қағаз ақшалардың ескіріп кетуіне байланысты 343 млн сомони айналымнан шығарылған. Оның ішінде 41,9 миллионы - 1 сомони купюрасы, 10,7 миллионы - 3 сомони және 13,7 миллионы - 5 сомони купюралары болған.
Сондықтан мұндай қағаз ақшалардың орнына енді монеталар шығарылады.
Тәжікстан Ұлттық банкі өкілінің сөзінше, елдің Жалпы ішкі өнімі 24 млрд 24 млн сомониді құрайды, негізгі өсім - 6 пайыз. Экономикалық өсімі өндіріс өнеркәсібі (21,3 пайыз) және аграрлық сектор (6,4 пайыз) есебінен жоғарылаған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы