Ашхабад орталығында орналасқан Түркіменстанның бұрынғы басшысы Сапармұрат Ниязовтың ескерткіші алынып тасталды.
2000 жылдары Ашхабад орталығында салынған Ниязов ескерткішінің алынып тасталуы жайында әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасалмаған.
Бұған дейін 2011 жылы Ашхабад қаласының орталық алаңында орналасқан Сапармұрат Ниязовтың алтын жалатылған ескерткіші басқа жеге көшірілген еді. Ресми ақпараттарға сүйенсек сол уақытта ескерткішті бұзуға 50 миллион доллар қаржы кеткен.
1985-2006 жылдары аралығында ел басқарған Сапармұрат Ниязовтың (Түркіменбасының) тірі кезінде оған Түркіменстан бойынша 100-ге жуық ескерткіш орнатылған.
Бұл жағдай біздің елге де таңсық емес. Бізде айналасы 26 жылдың ішінде президентке арнап 10-ға жуық ескерткіш орнатып, тастан тұлға салуға машықтанып алғанбыз.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау