Кеше Иран халқы рухани көсемдері Аятолла Һашеми Рафсанджанидың сүйегін Иран ислам республикасының негізін қалаушының кесенесінде жерледі. деп хабарлайды “Фарс” ақпарат агентігі.

 Сейсенбі күні Иранның миллиондаған халқы Иранның рухани көсемі Аятолла Һашеми Рафсанджанидың мәйітін Теһран университетінен ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейнидің кесенесіне дейін ақтық сапарға шығарып салды.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының  төрағасы жексенбі күні кешке жүрек талмасынан Теһрандағы ауруханалардың бірінде дүние салған.

"The  Qazaq Times"