Иранның Сот билігі: "Ирактың халықтық күштері мен әскерінің Мосул қаласын азат етудегі жеңісі АҚШ пен оған жақтас елдердің абыройын төкті" дегенді айтты.
Иран Сот билігінің төрағасы Аятолла Садық Амоли Лариджани, Жоғарғы сот билігі басшыларының отырысында Ирактың Мосул қаласын азат ету әрекетіне тоқталып: "Олардың Мосулда жеңіске жетуі АҚШ-тың Сүриядағы позицияларын бомбалауына себеп болды", - деді.
Сонымен қатар Мосулды азат ету әрекеті барысында Ирактың әскери күші мен ерікті халықтық күштеріне Иранның қолдау білдіруі маңызды рөл атқарды деп сипаттады. ДАИШ лаңкестік тобы Иракта Исламның атын жамылып, оны қаралау арқылы аймақта сионистік режим сияқты тағы бір лаңкестік ұйымын қалыптастырмақ болғанын, Алайда, олардың бұл жобасы сәтсіздікке ұшырағанын әлемге жария етті.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау