АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасы Мексика шекарасында қорған салуға 1,6 млрд доллар бөлуді қарастыратын заң жобасын жариялады, деп хабарлайды РИА Новости Hill газетіне сілтеме жасап.
"Негізгі мақсат америкалықтардың қауіпсіздігі мен отанымызды қорғауды қамтамасыз ету. Қаржыландыру туралы заң жобасы оңтүстік шекарамыздағы қауіпсіздік инфрақұрылымын кеңейтуге, шекара қызметкерлерінің санын көбейтуге мүмкіндік береді", - деп келтіреді Hill басылымы АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігінің өкілі Джона Картердің сөзін.
Гезетің жазуынша, бұл заң жобасы Президент Дональд Трамптыің "Мексика қорған салуға кеткен шығынды өзі төлейді" деген сөзін жоққа шығарып отыр. Бұдан бұрын АҚШ әкімшілігі Максика арасында қорған салуға кететін қаражат 2018 жылдың бюджет есебіне қосылатынын мәлімдеген.
Айта кетейік, АҚШ президенті Доналд Трамп осы жылдың қаңтарында Мексика шекекарасында қорған тұрғызуға нұсқау беріп, оны іске асыру жоспарларын да қарастырған. Сонымен қатар, лаңкестік пиғылдарды болдырмас үшін, Сүриядан (Сирия) кіретін босқындарға тиым салып, ел ішіндегі босқындардың қимылына шектеу қою туралы тапсырмалар берген еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді