Солтүстік Корея ядролық бомбы алып ұшуға қауқарлы құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгендігі жайында мәлімдеді.
Шілденің 4 күні ұшырылған баллистикалық зымыран сынағынан кейін КХДР басшысы Ким Чен Ын, "бұл сынақтың сәтті өтуі елдің стратегиялық қарулануына яғни атом, сутегі бомбыларын алып ұшуға қауқарлы зымырандар жасауға мүмкіндік туғызып отыр" деп мәлімдеген.

Фото: Reuters.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, КХДР басшысы Ким Чен Ын «Хвосон-14» зымыран сынағынан кейін АҚШ Солтүстік Кореяға қатысты жаулық саясатын тоқтатпағанша Пхеньян Уашингтонмен ешқандай келіссөз жүргізбейтінін айтқан.
Блумберг агенттігінің мәліметінше, Ким Чен Ын Солтүстік Корея орталық телевизиясына берген сұхбатында «КХДР-ның басты мақсаты 2017 жылы АҚШ-ты бомбылауға арналған құрлықаралық баллистикалық зымыран жасап шығару.» - деген.
Естеріңізге салайық кеше Солтүстік Корея орталық телевидениясы КХДР алғаш рет «Хвосон-14» құрлықаралық зымыранын сәтті сынақтан өткізгендігі жайында хабарлаған болатын. КХДР орталық телевиденисының мәліметінше, зымыран 2802 шақырым биіктікке көтеріліп, 933 шақырым ұзақтыққа ұшқан.
Ал Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, «Хвосон-14» зымыраны 2802 шақырымға емес 535 шақырым биіктікке көтерілген. Ұзақтығы 933 шақырым емес 510 шақырым болған. Яғни сынақтан өткізілген зымыран ұзақ қашықтықтағы құрлықаралық зымыран емес, орта қашықтықтағы зымыран болуы мүмкін.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?