АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты және барлық қазақстандықтарды Орта Азияда алғаш рет өткізіліп отырған Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің өткізілуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлап отыр.
АҚШ президенті өзінің құттықтауында аталған әлемдік шараның арқасында Қазақстанның және әлем елдерінен келетін миллиондаған қонақтар адам парасатының туындылары саналатын технологиялық инновация мен 115 елдің тамаша әріптестігіне куә болатынын жеткізген. Трамп хатында: «Америка Құрама Штаттары Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысып, Американың энергетика, ғылым және технология салаларындағы үздік жетістіктерін, сондай-ақ сан қырлы мәдениетімізді көрсетуді зор мәртебе санайды», – деп жазған.
Сондай-ақ, Д. Трамп АҚШ пен Қазақстан арасындағы ширек ғасырдағы стратегиялық серіктестіктің маңызды атап өткен. Құрама Штаттардың алдағы уақытта да өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өсіп-өркендеуді қолдауға ниетті екенін айтып өткен.
АҚШ президенті хатында: «Президент мырза, «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандық диалогты одан әрі ілгерілетудегі сіздің көзқарасыңыз бен көшбасшылығыңыз үшін, Сізге және Қазақстанға ілтипатымды білдіремін. Өзара сыйластық пен ортақ мүддеге негізделген АҚШ-Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түседі деп сенемін», – дейді Д. Трамп.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр