Кеше Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай басшысы Ши Жинпиң кездесті.
Кездесу барысында екі ел басшылары Корей түбегіндегі жағдай мен Сүрия мәселесі жайында сөйлесті.
Xinhua агенттігінің мәліметінше, Путин мен Ши Жинпиң алдағы уақыттада бірігіп Корей түбегіндегі ядролық мәселені келіссөздер арқылы шешу керектігіне уағдаласқан.
Естеріңізге салайық Қытай басшысы Ресейге екі күндік іссапармен барған болатын. Іссапар барысында Путин мен Ши Жинпиң 40-тан аса құжатқа қол қояды. Оның ішінде Ресейдің мәдениетімен таныстыру мақсатында Қытайда ресейлік «Катюша» телеарнасының көрсетілуіне рұқсат беретін құжатта бар.
Кездесу соңында Владимир Путин Ши Жинпиңді 1 дәрежелі қасиетті апостол Андрей Первозданныйдың орденімен марапаттайды деп күтілуде.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы