Үндістанда мұсылмандар кең көлемді шеруге шықты. Шеруге елдегі саяси белсенділер, мәжіліс өкілдері, өнер жұлдыздары және жорналшылар да қатысты әрі наразылық елдің бірнеше ірі қалаларында өтті. Олар әсірешіл индустердің сиырларды қорғауды сылтауратып, мұсылмандарға шабуыл жасауын айыптады. Бұл туралы «Парс» ақпарат агенттігі сайтында хабарлап отыр.
Наразылық шеруі елдің орталық қаласы Нью-Делиден тартып, Калькутта, Хейдарабад, Бомбей, Батыс Бенгал және өзге де қалаларында ұйымдастырылды. Шара әсірешіл үндістердің мұсылмандарға қаратқан қатігездік әрекеттеріне наразылық ретінде өткізілді.
Шерушілер қолдарына «Мұсылмандарға қысым көрсетуді тоқтатыңдар!» деген әр түрлі ұрандарды көтеріп, Үндістан Конституциясында барлық діндер мен мазхабтарға рұқсат етілгендігін ескертті. Сонымен бірге азшылық қауымның құқықтарына қол сұғушыларға үкіметтің шара қолдануын талап етті.
Өткен аптада үнді дінінің әсірешіл бір топ өкілдері бір мұсылманға шабуыл жасаған болатын. Нәтижесінде шабуылға ұшыраушы мұсылман аянышты күйде өлтірілген. Бұл сол елдегі мұсылмандардың күшті наразылығын тудырды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?