Қарағанды облысында «SevenRefractoriesAsia» деп аталатын отқа төзімді материалдар өндіру зауыты ашылды. Инвестицияның жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрады. Зауыт «Сарыарқа» арнайы экономикалық аумағында орналасқан.
Бұл зауыт еліміздегі осындай жоғары сапалы материалдар өндіретін алғашқы кәсіпорын. Оның өнімдеріне «Қазақмыс», «АрселорМиттал Теміртау», «Казцинк» секілді ірі компаниялар мұқтаж. Егер осыған дейін олар отқа шыдамды материалдарды шел елдерден сатып алып отырса, бұдан былай оны қарағандылық өнім өндірушіден алады", - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ, ол бұл зауыт шет елдік капиталдың қастысуымен салынғанын атап өтті.
«SevenRefractoriesAsia» ЖШС-ның құрылысы 2005-ші жылы басталып, 2017-ші жылдың ақпан айында іске қосылды. Жоспарланған өндіріс көлемі – жылына 45 мың тонна.
Жаңа зауыт Словенияда жасалған заманауи құралдармен жабдықталған. Қазіргі таңда кәсіпорында 51 жұмыс орны ашылған, алдағы уақытта қызметкерлер саны ұлғайтылады.