АҚШ өзінің екі бірдей В-1В бомбылаушы ұшағын Оңтүстік Кореяға жіберді деп хабарлайды Ренхап ақпарат агенттігі.
Ренхап агенттігінің мәліметінше, В-1В және F-15K ұшақтары Оңтүстік Корея әскери әуе күштерімен бірігіп оқу-жаттығу жұмыстарын өткізбек.
АҚШ-тың В-1В бомбылаушы ұшағы өз бортында ядролық зымырандарды алып жүруге қауқарлы.
Оңтүстік Корея саясаттанушыларының айтуынша, АҚШ, Корей түбегіндегі әскери күшін Солтүстік Корея зымыран сынақтарын тоқтатқанда ғана азайтатын болады.
Бірақ ресми Пиоңяң (Пхеньян) алдағы уақытта өзінің ядролық әлеуетін арттыратынын мәлімдеген еді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау