Түркіменстан президенті Гурбаноғлы Бердімұхаммедов Рамазан айының және Қадір түнінің құрметіне жарлық шығарып, елдегі 1299 қылмыскерге кеңшілік етті. Бұл туралы сол елдің «Түркіменстан бүгін» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Түркіменстан президенті бұл ісін қайырымдылық, достық және әділеттілікті іске асыру деп атады. Сондай-ақ, ол үкіметке кеңшілік алғандарды жұмыспен қамту туралы бұйрық берген. Сонымен бірге, қоғамның бірлігін нығайту, сенімнің тұтастығын қолдап, ел халқының діни сеніміне құрмет білдіру үшін жасалғанын айтты.
Осыған дейін де ұлттық, діни мерекелерге байланысты жаза өтеушілерге кеңшілік жариялау Түркіменстан басшысының әдетіне айналған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі