Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің кіші қызы Лола Кәрімова (Тилляева) апайы Гүлнараның жолын қуып франциялық «Гармонист» парфюмерлік брендінің иесі атанды.
Ислам Кәрімовтың қызы Лола соңғы уақытта шығындары басынан асатын франциялық «Гармонист» парфюмерлік компаниясын иеленді.
Лола Кәрімова «Гармонист» брендінің проморолигіне түсті.
Қазіргі таңда Лола Кәрімова Өзбекстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі қызметін атқарады. Жақында ол америкалық «Soma» сән журналына берген сұхбатында франциялық «Гармонист» (The Harmonist) брендін сатып алғандығын мәлімдеген.
Бұған дейін батыс елдерінде Гүлнара Кәрімова «Guli» атты брендімен түрлі әшекей бұйымдар мен сәнді киімдер шығарып келген болатын. Ислам Кәрімов дүниеден өткенен кейін түрлі қаңқу сөздердің ортасында қалған Гүлнара, қазіргі уақытта Ташкентте үй қамағында отыр.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау