АҚШ-тың апелляциялық соты таяу шығыс және солтүстік Африка елдерінің азаматтарына елге кіруге тыйым салатын президент Дональд Трамптың екінші жеңілдетілген жарлығының күшін жою туралы төменгі инстанцияның шешімін сол қалпында қалдырды.
6 наурызда қол қойылған жарлықта мұсылман халқы басым Иран, Ливия, Сомали, Судан, Сүрия және Йемен азаматтары террориизмді таратушы деп қарастырылған болатын. Жарлықтың бірінші нұсқасынан 27 қаңтар күні Иракты алып тастап, өзгерістер енгізілген еді.
Екі жарлықтың да жүзеге асуы тез арада төменгі инстанция сотының шешімдерімен белгісіз мерзімге тоқтатылған.
Конституция федералды басшылыққа белгілі бір дінді көтеру мақсатында өзге діндерді төмендетіп, адамның сенімі мен нанымына нұқсан келтіруге тыйым салады. Осы негізде екі жарлық та сот шешімімен күшін жойды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау