Америкалық NASA ғарыш агенттігі Марсқа ұшатын кандидаттарды таңдап алды. Таңдаулы топқа 12 адам кіреді. Оның бесеуі әйел, жетеуі ер адам, дап хабарлады NASA сайты.
"Сіздер бізден де үздіксіздер. Сіздерге Айдың арғы жағына ұшып, Марсқа сапар жасаған алғашқылардың бірі болу мүмкіндігі туып отыр", - дейді вице-президент Майк Пенс кандидаттарға.
Бұл конкурсқа қатысу үшін 18 мың адам өтініш жіберген және олардың бәрі инженерия, биология, медицина, математика, әскери ұшқыштар мамандығының бакалавр деңгейін бітірген америкалықтар.
Енді 12 адамнан құралған топ екі жыл бойы дайындықтан өтеді. Содан кейін олар халықаралық ғарыш станциясының Жер орбитасынан тыс сапарларына қатысады. Сондай-ақ, Марсқа ұшуға дайындала бастайды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі