Ресей Федерациясы Атырау облысындағы "Тайсойған" әскери полигонының жерін қайтарады. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлады.

"Ресей әскерилері үшін Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы полигонның 749,6 мың гектары жалға берліген болатын. Қазіргі уақытта екі ел арасында қол жеткізілген келісім бойынша 624,6 мың гектар жерді қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының жетекшісі Арман Баженов.

Айта кетейік, "Тайсойған" полигоны территориясын ресейлік әскерилер қолданбағанмен, жалға берілген. Енді оларды шаруаларға беруде ешқандай кедергі болмайды.

“The Qazaq Times”