Ресей Францияның санкция салуына байланысты француздық ет, көкөніс, жеміс-жидек өнімдеріне тыйым салған. Осының салдарынан Францияға 2014 жылдан бері 400 млн еуро шығын келген. Мұндай мәліметті француздық партияның төменгі палатасының депутаты Кристиан Жакоб Europe1 радиосына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды RNS.
«Ресейлік эмбарго салдарынан келген шығын шамамен 400 млн еуро. 2014 жылға дейін Франция Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерін жектізуші елдер арасында 9-орында болған. Қазір 12-орынға түсті", - дейді депутат.
Депуттаттың сөзінше, негізгі мәселе санкцияда емес. Ең қиыны Ресей нарығындағы француздық компаниялар сенімге кіре алмай отыр.
Айта кетейік, 2014 жылдың наурыз айының ортасында Еуропалық одақ пен АҚШ бастаған бір топ елдер Ресейге қарсы санкция енгізген болатын. Санкцияның себебі - Қырым референдумы.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі