Египетте содырлар христиандардың автобусына шабуыл жасап, салдарынан жиырмадан астам адам қаза тапты. 

Мемлекеттік БАҚ өкілдері кемінде 23 адам қаза тауып, 25-і жараланғанын хабарлап отыр.

Al-Yawm al-Sabi ақпараттық порталы дәрігерлердің мәліметіне сүйене отырып, 24 адам қаза тауып, 16 жараланды деген ақпарат келтіруде.

Хрестиандарға  Каирден 250 шықырым қашықтықта орналасқан Ел-Минья елді мекеніндегі Қасиетті Самуил ғибадатқанасына бара жатқан жолда қарулы топ тұтқиылдан оқ жаудырған.

Екі автобус мен бір жүк көлігі Бени-Суэйф елді мекенінен шыққан болатын,

“The Qazaq Times”