АҚШ-тың «Capitol Hill» басылымы кеше, АҚШ президенті мен Филиппин президенті арасындағы телефонда сөйлескен естелігін жария етті. Сөйлесу естелігінде жазылуынша, АҚШ президенті Вальтер Датқа Американың екі ядролық сүңгуір кемесінің Солтүстік Корея маңында екенін айтқан.
Бұған қоса Трамп 29 сәуір күні болған бұл диалогта Солтүстік Кореяға су асты әскери әрекетін қолдануы мүмкін екенін де айтқан. Бұл Ақүйдің Трамп келгелі бері алғаш рет сөйлесу естелігін ашып көрсетуі болып табылады.
Сөйлесу естелігінде көрсетілуінше, Трамп: «Біздің ол арада көп атыс құралдарымыз бар. Соның ішінде екі су асты кемелеріміз бар (бұлар қазір әлемдегі ең озық сүңгуір кемелері болып табылады), бұл екеуі де ядролық су асты кемелері», – деген. Бірақ Трамп сөзінің арасында бұларды пайдаланудың кезі келмегенін де ескерткен. Бұл хабар көптен бері тынышталып қалған Солтүстік Корея мәселесін қайтадан қызу күйге салуы бек мүмкін.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау