Қоршамалы шахматтан сан мәрте әлем чемпионы атағын алған Хы Жие атты қытайлық шахмат шебері мен AlphaGo жасанды зерде арасында жарыс өтті. Адам зердесі мен шахматқа арналған жасанды зерде арасындағы жарыс 23 және 25 мамыр күндері Қытайда болған еді. Бұл туралы сол елдің «People» ақпараттық сайты хабарлап отыр.

Фото: YraenYNI
Хы Жие мен AlphaGo арасындағы бұл реткі сайыстың бірінші кезеңі 23 мамыр күні болды. 3 сағатқа созылған жарыстың нәтижесінде қоршамалы шахматтағы 1,5 бостық парықпен Хы Жие жасанды интеллектіден жеңіліп қалды.
Жарыстың екінші кезегі бүгін түстен бұрын болып өтті. Бұл жолы Хы Жие өзінің бар өнерін салды. Алайда, 100 жүріс жүргеннен кейін өзінің ойын соңында жеңілетінін мойындады. Бірақ ойынды ақырластыру үшін 271 жүріс жүрді. Бұл жолы да AlphaGo жасанды интеллекті Хы Жиені шаң қаптырып кетті. AlphaGo жасанды зердесі бұдан бұрында қоршамалы шахматтан талай шеберлерді жеңген болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы