Стокгольмдағы, Санкт-Петербургтегі лаңкестік шабуылдардан кейін әлем Өзбекстан терроризмі жайында сөз қозғай бастағаны белгілі. Ал сол Өзбекстан мешіттерінде өздерінен шығып жатқан лаңкестер жайында не айтып жатыр? Өзбекстан діни басқармасы елде өршіп тұрған діни радикализммен күресіп жатыр ма? Осы және өзге де сұрақтарға centre1.com. сайтының журналистері жауап іздеп көрген.

Аталмыш интернет басылымның тілшілері жұма сайын бірнеше апта бойы Ташкент қаласындағы мешіттерге барап, сол жердегі имамдардың уағыздарын тыңдаған.

Осы уақыт аралығында Ташкент қаласында орналасқан мешіттердің бір де, бірін де ел ішіндегі радикалды діни ағымдар, діни экстремизім, Ресей мен жақын және алыс шет елдерде лаңкестік топтардың арбауына түсіп жатқан Өзбекстан азаматтары жайында айтылмаған.

Оның орынына Өзбекстан имамдары өзбек жастарына нәпсіні қалай тыйып ұстауға болатыны жайында, ысырапшылдық пен Рамазан айында аста-төк ауыз ашар жасамау керектігі жайында уағыз айтқан.

Осы арқылы Өзбекстан діни басқармасы да, Өзбекстан дін істер комитеті де елдегі радикалды діни топтармен күресуге қауқарсыз немесе құлықсыз екенін дәлелдеген.

Бірақ бұл жаңалық емес екені белгілі. Өйткені Ислам Кәрімовтың кезінен бастап Өзбекстанда діни радикализм жайында ел ішінде сөз қозғауға қатаң тыйым салынған болатын.

“The Qazaq Times”