АҚШ-тың  Мемлекеттік басқармасы Түркиядағы америкалық елші Джон Басстың 16 мамырда Уашингтон қаласында  президент  Режеп Тайып Ердоғанның күзетшілерінің қатысуымен болған қақтығысқа байланысты Түркияның  СІМ-не шақыртылғанын растады.

16 мамыр күні АҚШ-тағы Түркия елшісінің резиденциясында Анкарадағы қазіргі биліктің жақтаушылары мен қарсы тарап арасында қақтығыс орын алған. Бұл кезде президент Ердоған дипломатиялық миссияда болған екен.

Қақтығыстың салдарынан 9 адам жараланған, ал оның екеуі ауыр халде.

Уашингтон полициясы қақтығысқа қатысқаны үшін президенттің күзетіне қатысты қылмыстық іс қозғаған.

АҚШ-тағы түрік елшілігінің өкілдері қақтығысты Анкарада тыйым салынған Күрдістанның жұмыс партиясы арнайы ұйымдастырғандығын мәлімдеді.

"The Qazaq Times"