Euronews арнасының Украина қызметі өз жұмысын тоқтатты деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Euronews арнасы өзінің украин тіліндегі қызметін тоқтатқаны жайында мамырдың 21 күні мәлімдеген. Арна басшылығы бұндай қадамға баруының себебін қаржы тапшылығымен байланыстырған.
Украинаның ұлттық телерадио басқармасының төрағасы Юрий Артеменко бұл жайында «Бұдан бірер жыл бұрын Украинаның қолы қанға боялға билігі Euronews телеарнасымен келісім шатқа отырған болатын. Сол кездің өзінде Украинаның Euronews арнасы алдындағы қарызы 11 миллион еуроны құраған. Бұл телеарна журналистері ақпарат беру барысында өз көзқарастарына көбірек басымдық беретін.» деген.
Осы уақытқа дейін Euronews арнасының украин қызметі 6 жыл бойы хабар таратып келген болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі