АҚШ президенті Дональд Трамптың рейтингі күн өткен сайын құлдырап барады деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
Reuters ақпарат агенттігі мен Ipsos әлеуметтік зерттеулер институтының АҚШ халқына қойған сауалнамасы бойынша, америкалықтардың 38 пайызы ғана Трамп саясатын қолдаған. Ал 56 пайызы оның жүргізіп отырған саясатына көңілі толмайтынын айтқан.
Әлеуметтік сауалнама мамыр айының 14 мен 19 күні аралығында өткен. Сауалнамаға 1971 адам қатысқан оның 721 республикалықтар, 795 демократтар болған.
Бұған дейінгі әлеуметтік сауалнамаларда Трампты америкалықтардың 40 пайызы қолдаса, АҚШ-тың бұрынғы басшысы Барак Обаманы 58 пайызы қолдаған.