16 мамыр күні Сүрия үкіметінің өкілдері Швейцарияның Женева қаласындағы Мемлекеттер сарайына келіп жетті. Аталған қалада Сүрия мәселесі жөнінде жаңа кезекті келіссөз 17 мамыр күні басталған болатын. Бұл реткі жаңа келіссөз үш күнге жалғасады деп күтілуде. Бұл туралы People.com хабарлап отыр.
2016 жылдан бері Сүриядағы жағдайды оңау, дағдарысты бір жайлы ету үшін БҰҰ жетекшілігінде Сүрия үкіметі мен оған қарсы топ Женева қаласында талай мәрте бас қосты. Алайда, екі тарап әзірге дейін бейбіт бітімге келісе алмай келеді. Осыған дейін аталған қалада өткізілген келіссөздердің көбі сәтсіздікпен аяқталуда.
Алайда, БҰҰ бұл реткі келіссөздің маңызы жоғары деп қарайды. Екі топ арасында бейбіт бітімге келіп, ымыраласу жүзеге асып жатса, Сүриядағы қақтығыстар мен қарулы шабуылдарды бір жолата тоқтатып, Сүрия халқына бейбіт өмір силауға болар еді деп қарайды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау