Киев басшылары Мәскеуді Украина президенті әкімшілігінің ғаламтордағы торабына киберлік шабуыл жасады деп айыптады деп хабарлады "Фарс" ақпараттық агенттігі.
Украина президентінің орынбасары Дмитрий Шимкив бір мәлімдемеде осы шабуылды ұйымдасқан және Киевтің Ресейдің кейбір интернеттік компанияларына қарсы жаңа санкцияларына Мәскеудің реакциясы деп атап: «Президенттің ғаламтордағы торабына жасалған киберлік шабуыл бақылауға алынып, қатердің беті қайтарылды» деді. Ресей үкіметі әзірше бұл жөнінде мәлімдеме жасаған жоқ.
Соңғы күндері әлемді шулатқан кибер шабулға жұрттың көбі Солтүстік Кореядан көріп жатқаннда ресми Киев Мәскеуді киберлік шабуыл жасады деп айыптап жатыр. Арасы дүрдараз елдердің шабул жасауыда, болмаса жасады деп жалған айып тағуыда әбден мүмкін.