АҚШ жергілікті уақытымен 16 мамыр күні түрік президенті Ердоған Уашингтонға мемлекеттік сапармен барды. АҚШ президенті Дональд Трамп Ақүйде түрік президентін қабылдады. «Шинхуа» ақпараттық агенттігі хабарлауынан.
Бейжің сапарынан кейін түрік басшысы Ердоған АҚШ-қа мемлекеттік сапарын жалғастырды. АҚШ жергілікті уақытымен 16 мамыр күні Уашингтонға барып, АҚШ президенті және мемлекеттік хатшысы бастаған арнаулы өкілдерімен кездесті. Екі тарап кеңейтілген келіссөз отырысында 10 тармақты келісім жасасып, екіжақты байланысты дамытуға келісті.
Трамп АҚШ пен Түркия арасында тығыз қарым-қатынастың орнағанын, НАТО-ның Шығыс Еуропадағы сенімді одақтасы болған түрік еліне көпжақты келісімдерде мүмкіндік беретіндерін атап өтті.