 
                                    Иордания, Мысыр және палестиналық лауазымдылар Таяу Шығыс шешімі үшін Иорданияның бас қаласы Амманда басқосты. Бұл туралы "Анатолы" ақпараттық агенттігінің ресми сайтында жарияланды.
Жиналысқа Мысыр Сыртқы істер министрі Шамих Шүкри, Иордания Сыртқы істер министрі Эймен эс-Сафеди және Палестина азаттық ұйымы бас хатшысы Саиб Урейкат қатысты. Мысыр Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Палестина-Израиль бейбітшілік кезеңіне қолдау беру жолдары қарастырылғаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың мамыр айында аймаққа жоспарлаған сапары алдында үштік координация құруды нысанаға алғандарын атап көрсетті.
Сонымен бірге Израиль түрмелерінде аштық жариялаған палестиналық тұтқындардың мәселесі де қолға алынып, Израильдің тұтқындардың гуманитарлық және әділ сұраныстарына жауап қайтару керектігі атап көрсетілді.
Алдыңғы ғасырдың ортасынан яғни Израиль елінің Палестина териториясынан мемлекет болып құрылғанынан бастап толастамаған Палестина-Израиль қайшылығы күннен күнге өршімесе бәсеңдеген жоқ. Аралықта әлем назары Ауғанстан, Ирак, Сүрия мәселесіне ауғанда Израиль жыл сайын шекарасын кеңітіп жатты. Енді аталған елдердің түйіні шешілу алдында тұр. Демек жұрт назары қайтадан осы Палестина-Израиль мәселесіне ауары даусыз.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау